Қарағандылық  «Шахтер» Еуропа лигасы аясындағы  израильдік «Маккабиге» қарсы өткен матчта тең ойынады. «Астана-Арена» стадионында өрбіген кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Алаңдағы төреші Иштван Водтың ысқырығы естілімен жерлестеріміз алға ұмтылды. Үшінші минута «Шахтер» бұрыштама орындау мүмкіндігіне ие болған, алайда еш нәтижесіз. Келесі шабуылда Александр Симчевичтің тамаша мүмкіндігі болған. Ыңғайлы позициядан соққы жасаған сербиялық қақпаны дәлдей алмады.

«Маккаби» де жауапсыз қалмады. Израильдіктер жылдам шабуылдармен қарымта қайтаруға тырысқан. Виктор Кумыков шәкірттері дер кезінде жылдамдықты арттырып гол соғуға ұмтылды. Шабуылдардың бірінде Геворг Казарян айып алаңға әуелете пас асырып Андрей Финонченкоға дәл жеткізді. Капитанымыз мүлт кетпей Боян Шарановтан допты әдемі асырды.Қырықбес минуттықтың аяқталар тұсында отандастарымыз есепті еселей түсті. Қарағанды футболының төл шәкірті Евгений Тарасов есепті 2:0-ге жеткізді.

«Маккаби» бапкері Ариэль Бенадо үзіліс кезінде не айтқаны белгісіз, қарсыластар мүлдем өзгеше бастады екінші таймды. Екі бірдей ойыншы шабуыл өтіне жылжып, қарағандылықтар қыспаққа алынды. Испандық жартылай қорғаушы Райо 54-ші минутта есепті қысқартты.

Ал ойынның аяқталуына небәрі он минут қалғанда қақпамызға екінші гол кірді. Әріптесінен пас алып, әдемі өңдеген Алон Турджеман жойқын соққымен допты қақпа торында тулатты..Соңғы секундтарға дейін күрескен «Шахтер» ақыры жеңіс голын соға алмады. Дегенмен қанжығада алғашқы ұпай бар.Футбол. Еуропа лигасы. топтық кезең. 2-ші тур:

«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – «Маккаби» (Хайфа, Израиль) – 2:2