Еуропа Лигасының 1/16 финалы аясында өтетін «Астана» - «Спортинг» (Португалия) арасындағы кездесу алдында елордалық клубтың бас бапкері Станимир Стоилов баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.- Ертең Қазақстан футболы үшін тарихи күн болады. Кездесуде «Спортинг» сөзсіз фаворит. Оларды құрметтейміз. Бірақ, мен ешкімнен қорқпау керек екенін үнемі айтып жүремін.- Сіз қазіргі құрамға қанағаттанасыз ба? Срджан Граховац неге команда ауыстырып кетті?- Еуропалық жарыста жақсы ойнау үшін команданы әрқашан күшейту керек. Бұл жолы біз жергілікті жас ойыншыларды қатарға қостық. Алайда командадағы 18 ойыншының барлығы Еуропа лигасының хаттамасына енген жоқ. Мужиков матчтқа қатыса алмайды. Граховац пен Қабаннанға кетіп қалды. Сондықтан команда қысқы трансферлік терезеде нәтижелі жұмыс жасады дей алмаймын. Граховацтың командадан кетуіне біздегі легионерлер саны артып кетуі себеп болып отыр.- Оқу-жаттығу жиындарындағы ойынын сараласақ, шабуылшы Джордже Деспотович Жуниор Кабананганың орнын толығымен баса ала ма?- Жуниордың «Астанадан» кетуі – біздің жағдайымызды біршама қиындатып жіберді. Енді командада қалған өзге шабуылшылардың кезегі келді. Деспотович те жақсы шабуылшы. Оның өз мықтылығын дәлелдейтін уақыты келді.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда арасындағы алғашқы кездесу ертең, 15 ақпан Астанада өтеді. Матч Астана уақыты 22.00-де басталады.