Өскеменде ерлер, ал Теміртауда әйелдер арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды.

Оған ерлер арасында да Ұлттық лигадан - 4, Жоғары лиганың «А» дивизионынан - 4, «Б» дивизионынан - 2, әйелдер арасында додада Ұлттық лигадан - 2, Жоғары лиганың «А» дивизионынан - 2 ,«Б» дивизионынан 6 команда қатысуда. Ал өткен ел чемпионатында үздік төрттікке кіргендер жарыстың келесі кезеңінен бастап қатысады.

Бұған дейін ел кубогын ерлер арасында алматылықтар - 8, атыраулықтар - 3, теміртаулықтар, оралдықтар, семейліктер - 2, талдықорғандықтар, қызылжарлықтар, павлодарлықтар бір-бір мәрте қол жеткізді. Атап айтқанда, алматылықтардан 1993 жылы «Азамат», 1997 жыл «РКС-2», 2003-2005 жылдары «Рахат-ЦСКА», 2007, 2008, 2011 жылдары «Алматы», талдықорғандықтардан 1994 жылы «Жетысу», қызылжарлықтардан 1995 жылы «Дорожник», теміртаулықтардан 1996 жылы «Болат», 1998 жылы «Испат-Кармет», оралдықтардан 1999 жылы «Жайық», 2006 жылы «Конденсат», 2000, 2009, 2010 жылдары «Атырау», 2001, 2002 жылдары «Семей», 2012 жылы «Павлодар» волейболшылары мұндай мәртебеге ие болды. Әйелдер арасында «Рахат» (Алматы) командасы - 7, «Жетісу» (Талдықорған) командасы - 6, «Астана қанаты» (Астана) командасы 1 мәрте қол жеткізді.