Қазақстандық спортшы Павел Ильяшенко Астанада өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында бессайыстан жеке көрсеткіш бойынша алтын медальға ие болды. 

Ильяшенко қорытынды нәтиже бойынша жалпы 5792 ұпаймен бірінші орынға табан тіреді. Жапондық спортшы Шохей Ивамото 5780 ұпаймен екінші болса, үздік үштікті Оңтүстік Кореяның өкілі Чинхва Чжон 5748 ұпаймен түйіндеді.