WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин болашақта Ұлыбританияда кездесу өткізу мүмкін, деп хабарлайды Allboxing.ru сайты.

Қазақстандық боксшының қарсыласы британдық Карл Фроч болмақ. «Менің ойымша, Гроувстан кейінгі қарсыламыз Головкин болуы әбден мүмкін. Бұл боксшыны барлығы мақтауда, алайда менің ойымша ол мықты боксшы емес. Дегенмен бұл кездесу тартымды болмақ. Болашақта бұл жекпе-жекті АҚШ-та немесе Ұлыбританияда өткізуге болады», - дейді Фрочтың промоутері Эдди Хирн.Естереңізге сала кетсек, Головкин келесі жекпе-жекте 2-ші қараша күні американдық Кертис Стивенспен жұдырықтасса, Фроч 23-ші қарашада отандасы Джордж Гроувспен шаршы алаңға шығады.