«Барыстың» бас бапкері Ари-Пекка Селин «Спартакпен» матч аяқталған соң өз ойымен бөлісті.

« Спартак мықты команда екенін білдік. Сабырлық сақтап, өз мүмкіндіктерімізді голға айналдырдық. Гаврилин мен «астаналық Гретцки» Джош Грэттон командамыздың үздік ойыншылары болды. Қалғандары әлсіздеу ойнады», – дейді финдық маман.