Грекияның Афины қаласында «Астана» баскетбол клубы Еуропадағы мықты ұжымдардың бірі әйгілі «Панатинаикоспен» жолдастық кездесу өткізді.

Өкінішке қарай елордалық команда атақты «Панатинаикостан» жеңілуге мәжбүр болды. Қорытынды есеп – 73:62.

«Астана» сапында үздік атанғандар Дэвид Саймон (17 ұпай), Бранко Цветкович (12), Джерри Джонсон (11).

«Бұндай әйгілі қарсыласпен кездесу өткізу біз үшін құрмет, сондай-ақ тәжирібе де жинадық», – дейді команданың капитаны Рустам Яргалиев.

Аталған жолдастық кездесу «Астана» үшін дайындық барысындағы соңғы ойын болды. 8-шы қазан күні команда Қазақстан чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізсе, артынша 15-шы қазанда «ВТБ» бірыңғай лигасы аясында мәскеулік «Триумф» командасын қабылдайды.