Астаналық "Барыс" хоккей клубы өз тарихында тұңғыш рет Құрлықтық Хоккей Лигасында көш бастады.

Мәскеулік «Спартакты» 3:4 есебімен тізе бүктірген елордалықтардың қоржынында 11 ойын қорытындысы бойынша 27 ұпай бар.

Одан кейінгі орынды питерлік СКА алыпты. Қазандық «Ақ Барс» 12 ойын нәтижесінде алған 26 ұпайымен үшінші орынды місе тұтты. Гагарин кубогының жеңімпазы мәскеулік «Динамо» 25 ұпаймен төртінші орнында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, "Барыс" осы маусымдағы 11 матч бойынша 55 шайба салған үздік команда ретінде танылды.

«Спартак» (Мәскеу) – «Барыс» (Астана) – 3:4 (1:2, 0:0, 2:2)

0:1 – Грэттон (Савченко) – 02:53.1:1 – Никулин (Жердев) – 09:42.1:2 – Руденко (Уппер, Антропов) – 14:36.1:3 – Рахманов (Гаврилин) – 53:47.1:4 – Ландин (Старченко) – 57:51.2:4 – Козлов (Бодров, Жердев) – 58:41.3:4 – Шпирко (Козлов, Сергеев) – 59:34 (6x5)

Қақпашылар: Иванов – Ахонен

Соққылар: 26 – 26

Айыптар: 16 – 12