Астана Арланс командасы Қарағанды қаласының "Құлыншақ" балалар үйіне барып қаржылай көмек көрсетті.

10 ақпан күні бокс кешінің ұйымдастырушалары «Astana Arlans» - «Indian Tigers» кездесуінен кейін қайырымдылық аукцион өткізді. Сол кеште арландарымыздың қолғаптары 520 000 теңгеге сатылды. Жиналған ақшаны арландар «Құлыншақ» балалар үйіне апарып берді.