Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет Ресей Премьер-лигасында ойнайтын «Уфа» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап, Prosports.kz хабарлады.

Еркебұлан «Монтажник» футбол клубының түлегі саналады, ал өткен маусымда «Тараздың» намысын қорғады. «Тараз» сапында 15 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Айта кетейік, 18 жасар футболшы бұған дейін «Уфамен» бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып, жолдастық кездесулерде бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.