Қарағандылық «Шахтер» Черногория ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Дамир Кояшевичпен келісімшартқа отырды.

Кояшевич өз мансабын «Дечич» клубында бастап, кейін польшалық «Ягеллония» мен «Гурник» клубтарында, черногориялық «Зету» мен «Будучност» ұжымдарында, сондай-ақ, босниялық «Сараевода» ойнаған. 2012 жылы елордалық «Астанаға» ауысып, бұл клубта үш маусым өнер көрсетті. Артынша, 30 жастағы жартылай қорғаушы Өзбекстанда, Черногория, Македония, Сербия чемпионаттарында доп теуіп қайтты.

2016 жылдан бері Черногория ұлттық құрамасы шақыртылып тұрады.

Клубтық мансабы:

2006-2008 – «Дечич» (Тузи, Черногория);

2008-2009 – «Ягеллония» (Белосток, Польша);

2009 – «Гурник» (Ленчна, Польша);

2010 – «Зета» (Голубовцы, Черногория);

2010-2012 – «Сараево» (Сараево, Босния және Герцеговина);

2012 – «Будучност» (Подгорица, Черногория);

2012-2014 – «Астана» (Астана, Қазақстан)

2015 – «Локомотив» (Ташкент, Өзбекстан);

2015 – «Младост» (Подгорица, Черногория);

2016-2017 – «Вардар» (Скопье, Македония);

2017 – «Войводина» (Нови-Сад, Сербия).