«Манчестер Юнайтед» ФК бұрынғы бапкері сэр Алекс Фергюсон американдық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында бапкерлікпен мәңгіге қоштасқанын айтты.

«Бапкерлік жұмыс ендігәрі мені қызықтырмас. "Манчестер Юнайтедті" Дэвид Мойеске тапсырдым, меніңше өте білікті бапкер. Мен өз шешімімді дер кезінде қабылдадым. Қазір жаңаша өмір сүрудемін», — деді Фергюсон.