«PROСПОРТ Қазақстан» Хайфалық «Маккаби» сапындағы үздік ойыншыларды оқырмандарға таныстырмақ.

Густаво Бокколи (7-ші нөмір) – 35 жастағы бразилиялық легионер, жасына қарамай жастарды озатын сұсты ойыншы. Жоғары жылдамдықпен келіп қапталдан жаншып беретін пастары талай қарсыласты қапы қалдырған.

Рубен Райос (10-шы нөмір) – испандық плеймейкер, орта алаңға жауапты. Бұл жігітті көзден таса қалдырмау керек.

Янив Катан (20-шы нөмір) – капитан, командаластарын талай рет «оттан» алып шыққан қолбасшы. Кезінде ағылшын премьер-лигасында «Вест Хэм Юнайтедтің» намысын қорғаған. Қақпамызға аса қауіп төндірмесе де кез келген сәтте соңына дейін ойнайтын адуынды футболшы.

Дино Ндлову (12-ші нөмір) –техникасы мен жылдамдығы жоғары ойыншы. Жартылай қорғаныста жақсы, әсіресе қапталдармен өтіп қақпа алдына пас асырудың хас шебері.

Хен Эзра (8-ші нөмір) – қақпамызға  қауып төндіретін шабуылшы. Әдемі дриблинг жасап шабулды дәл соққымен аяқтай алатын қабілеті бар.