Ресейдің «Кубань» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында еліміздің «Ертіс» командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайты хабарлады.

Кездесу 21 ақпан күні өтеді деп жоспарланып отыр.

«Кубань» командасы Ресей Бірінші лигасында 25 турдан кейін 32 ұпай жинап, 10-шы сатыда тұр.