«Ақжайық» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Арменияның «Бананц» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Бұл кездесуде оралдықтар Ереван қаласынан келген қарсыластарымен 1:1 есебімен тең тарқасты. «Ақжайық» сапынан жалғыз голды Иван Матяж пенальтиден салды.