Ирландия ұлттық футбол командасының және «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Лиам Миллер 36 жасында қатерлі ісік ауруынан қаза тапты. Бұл туралы thesun.co.uk хабарлады.

Миллер – шотландтық «Селтик» тәрбиеленушісі. «Манчестер Юнайтед» сапында да өнер көрсеткен. Сонымен қатар 2004-2009 аралығында ұлттық құрамада 21 матчқа қатысқан.