Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс он алтыншы конференциясы өтті. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, Prosports.kz хабарлайды.

Аталған жиында Әділбек Жақсыбеков федерацияның жаңа президенті болып тағайындалды. Ал бұрынғы президент Сейілда Байшақов отставкаға кетті.

Конференция барысында Байшақов «Қазақстан футболының еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.