Бүгін, 10 ақпанда, қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы жиынында екі жолдастық матч өткізеді.

Астана уақытымен 14:00-де «кеншілер» Венгрияның төрт дүркін чемпионы, бірақ қазір елдің екінші дивизионында ойнайтын «Дьер ЭТО» клубымен кездеседі.

Ал 20:00-де Владимир Журавль шәкірттері Грузияның жоғары дивизионында өнер көрсететін «Самтредия» ұжымымен күш сынасады. Өткен маусымда бұл клуб Грузия чемпионатының қола медалін алған болатын.