Болгариялық Fakti.bg сайты «Астананың» бас бапкері Станимир Стойловтың болашағы туралы сөз қозғады.

«Стойлов – Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері қызметіне басты кандидат. Бұл қызметте ол 27 наурызда Венгрияда Болгариямен жолдастық кездесуде дебютін өткізуі мүмкін – федерациялар арасында келіссөзді аяқтау ғана қалды. Стойлов жаңа қызметіне «Астана» Еуропа лигасынан ұшып кеткен соң тағайындалады. Егер «Астана» 1/16 финалда «Спортингтен» өтсе, келесі кезеңге дейін қалады», - деп жазды портал.