Болгария футбол федерациясының вице-президенті Йордан Лечков Қазақстан мен Болгария құрамалары арасында өтуі мүмкін жолдастық кездесу жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды отандық басылымдар.- Біз Қазақстандық әріптестерімізбен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бірақ, келісімшартқа әзірге қол қойылмады. Егер екі тарап келісімге келе алса кездесу Будапешт қаласында өтетін болады, - дейді Йордан Лечков.Болгариялық ақпарат құралдарының хабарына сенсек, бұл кездесу 27 наурызда өтеді екен.