Максим Иглинский ӘЧ топтық бәсекесін 8 орында аяқтады

Қазақстан намысын қорғаған Максим Иглинский  жексенбі күні  Флоренцияда өткен Әлем чемпионатында «Астана» командасындағы әріптестері Андрей Гривко мен Винченцо Нибалимен бірге үздік ондықтан көрінді.

Лукка қаласынан Флоренциядағы мәреге дейін 272 шақырымға созылған жарыста ол жаңа чемпион португалдық Руи Коштадан 34 секундқа қалып қойды.

Ал,  «Astana Pro Team»  командасында өнер көрсететін Винченцо Нибали Италия құрамасының сапында шығып, жарысты төртінші орында аяқтады. Ал біздің команданың украиналық өкілі Андерей Гривко мәреге бесінші келді.

Әлем біріншілігі аяқталған соң «Astana Pro Team» бас менеджері  Александр Винокуров  Әлем біріншілігінде команданың мықтықарсыластармен  тең күресуге жағдайы бар мықты команда екенін айтып өтті

«Максим әлем біріншілігіне өте тыңғылықты дайындалды. Вуэльтада Нибалиге көмекші атанып дайындықтың соңғы сатысынан өткен болатын. Ол болашағынан зор үміт күткізген шабандоздардың бірі»,- деді Винокуров.

Негізінен осы Әлем біріншілігі аясында Андрей Зейц пен  Алексей Луценко Иглинскийге көмекші атануы керек болатын. Дегенмен, жарыстың алғашқы 3 сағатында екі рет құлаған Луценко жарысты тоқтатуға мәжбүр болса, бес сағаттан кейін Андрей Зейц  жарыс жолынан шығыпқалды.  Топтық бәсекеде бұл күні барлығы 207 шабандоз бас жүлде үшін таласты  тоқтатқан.