Қазақстандық хоккейші Талғат Жайлауов ҚХЛ-ның үздік бамбордирлер қатарында. 

Жайлауов минскілік «Динамомен» өткен кездесуде гол мен пастың авторы атанып, соның нәтижесінде 15 (4+11) ұпай жинап мәскеулік «Динамоның» мергені Максим Пестушко (8+7) мен питерлік «СКА»-ның шабуылшысы Роман Червенкамен (5+10) бір қатарда тұр. Ал «ассистентер» көрсеткіші бойынша Талғат 11 паспен көш бастап келеді.

Бұдан басқа «Барыстың» хоккейшілері басқа көрсеткіштер бойынша бес бермеуде. Американдық шабуылшымыз Брэндон Боченски «жеңісті шайба» тізімде үш голмен бірінші келе жатса, қорғаушымыз Майк Ландин «қорғаушы-ассистент» пен  «плюс/минус» қос тізімінде жетекшілік етуде.