Қазақстан жастар құрамамыз Еуропа іріктеу кезеңі аясындағы Беларусь пен Арменияға қарсы өтетін кездесуге шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Жастар құрамамыздың бас бапкері Сергей Боровский алдағы кездесуге мына ойыншыларды шақырды :

Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер» Қарағанда), Стас Покатилов («Шахтер» Қарағанда), Станислав Павлов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ертіс» Павлодар), Кирилл Пасичник («Астана»), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Игорь Пикалкин («Астана»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Максим Грек («Ордабасы» Шымкент), Григорий Сартаков («Спартак» Семей);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Илья Калинин («Қайрат» Алматы), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау), Бауыржан Исламхан («Астана»), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Виталий Ли («Қайрат» Алматы), Айбар Нурыбеков («Атырау»);

Шабуылшылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Роман Муртазаев («Шахтер» Қарағанда), Қуаныш Бегалин («Ертіс» Павлодар).