Баскетболдан жастар ұлттық құрамамыз Азия чемпионаты барысында тарихи ширек финалға жолдама алды.

Бір қатар жеңілістен соң, ұлттық құрамамыз Иорданиядан - 99:62 есебімен басым түсті. Команда сапында үздік ойыншы болып 22 ұпаймен Андрей Литвиненко атанды.

Ширек финалдық кездесуде Қазақстан жарыстың басты фавориттері Қытай құрамасын қабылдайды.

Бұдан басқа  Бахрейн, Корея, Қытай Тайпей, Филиппины, Жапония және Иран мемлекеттері жарыс жолын жалғастыруда.