БАӘ-де оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан «Астана» клубы бүгін Қытай Суперлигасының 3 дүркін жеңімпазы «Шаньдун Лунэн» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Ойынның 25-минутында Юрий Логвиненко бұрыштама допты қақпаға баспен бағыттап, есеп ашты. Ал екінші таймда Джордже Деспотович (65-минут) және Юрий Перцух (89-минут) гол соғып, қортынды есеп 3:0 болды.
Айта кетейік, «Шаньдун Лунэн» қытайдағы ең беделді футбол клубы, 3 мәрте Қытай Суперлигасы және 1 мәрте Қытай А лигасының (Chinese Jia-A League) чемпионы атанған.