Елордалық «Барыс» ҚХЛ аясында минскілік «Динамоны» 5:2 есебімен жеңді. 

Астаналық клубтың үздік шабуылшысы Талғат Жайлауов «Минск-Аренада» есепті бірінші болып ашты. Екінші периодта «динамолықтар» таразы басын теңестірді, гол соққан Олег Горошко. Біраз уақыттан кейін Алексей Ефименко өз командасын алға шығарды. Алайда, «Барыстың» американдық легионері Брэндон Боченски екі шайба қайтарып үлгерді. Артынша, Роман Старченко есепті  2:4-ке жеткізсе, үшінші периодта Брэндон Боченски хет триктың авторы атанып жалпы кездесуді 2:5 есебімен қорытындылады. 

Осы жеңістің арқасында Ари-Пекки Селинның ұжымы Шығыс конференцияда қайта көш бастады. 

«Динамо» (Минск) – «Барыс» (Астана) 2:5 (0:1, 2:3, 0:1)

 

0:1 — Жайлауов (Савченко, Старченко) — 05:22

1:1 — Горошко (Китаров, Краичек) — 23:21

2:1 — Ефименко (Мелешко, Краичек) — 24:43

2:2 — Боченски (Бойд, Савченко) — 26:25

2:3 — Боченски (Антропов, Семенов) — 28:21

2:4 — Старченко (Жайлауов, Полищук) — 34:24

2:5 — Боченски (Бойд) — 54:35

 

Қақпашылар: Хеуген – Еремеев