Ресейлік «Уфа» клубының бас бапкері Сергей Семак AllUfa.ru сайтына берген сұқбатында жас қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет жайлы пікірін білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- Ол техникалық жағынан шебер, ақылды ойыншы. Заманауи футболдың талаптарына тез үйренісіп кете алады. Сол себепті болашақта біздің клубтың жақсы нәтиже көрсетуіне үлесін тигізетініне сенемін, - деді Семак.