«Шахтердің» жас перісі Роджер Каньяс Қазақстандағы үздік легионерлердің бірі, колумбиялық жігіт болашағынан үміт күттірер футболшылардың қатарында. «PROСПОРТ Қазақстан» жас келімсектерді зерттеп арасынан ең талантты дегендерін атап өтуді жөн көрді.

Патрик Твумаси (09.05.1994)

Твумаси кәсіби мәнсабын «Астанада» бастады. Патрик командаға жылдам сіңісіп бірден гол соға бастады. Твумаси футболдаға алғашқы қадамдарын отанында бастап 2012-жылы юрмалалық «Спартакқа» көшті. Мамыр айында Патрик Гананың жастар құрамасына ақырту алды. Артынша  «Астана» командасы қарамаржан ойыншыға қызығушылық танытып келісімшарт бойынша жалға алды.

Роберт Примус (10.11.1990)

Примус өзінің кәсіби мәнсабын «Сан-Хуан Джаблоти» клубында бастаған. Команда сапында Тринидада пен Тобаго чемпионатын ұтып, ұлттық Кубокты жеңді. 2011 жылдың ақпан айында «Актөбемен» үш жылдық келісімшартқа отырған Роберт тез арада жергіліктің жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналды. Сапалы да салиқалы ойын өрнегімен көзге түскен ойыншы негізгі қорғаушыға айналды. Биылғы маусымда Примус 20 матч өткізді.

Роджер Каньяс (27.03.1990)

Каньяс – «Шахтердің» «джокері». Тек Қазақстан чемпионатында ғана емес, еурокубоктарда да көзге түсіп үлгерген бұл жігітке талай клубтар «құда түспекші». «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуына қосқан үлесі көп Роджердің. Кейбір матчтарда 23-жасар хавбек орта алаңды жеке меншігінде ұстаған. ПАОК-пен өткен соңғы кездесуде Колумбияның ұлттық құрарама мүшелері футболшының ойынын арнайы тамашалауға келді деген ақпарат бар.

Недо Туркович (23.10.1989)

Туркович - «Шахтер» сапына ауысқан Игорь Зеньковичтің орнына келген шабуылшы. Алайда мойнындағы үлкен жүкті көтере алмады ма, соңғы алты ойында мүлдем көзге түспеді. Премьер-лига аясында Недо бірде-бір гол соқпаған. «Ақжайықты» өткендегі қаржылық дағдарыстан кейін қолға алған Любомир Петрович шабуылшыны алаңға шығармай жүр...

Даниэль Аддо (03.09.1989)

Аддоның «Қайраттағы» карьерасы жақсы басталған. Негізгі құрамда шығып жақсы ойыншы екенін алаңда дәлелдеді. Қорғаушы бола тұра гол соғып көзге де түсті. Көз тиді ма екен, белгісіз, Даниель соңғы кездері нашар ойнап жүр. БАҚ өкілдері бірден жамыраласып, ганалықтың жуырда командадан кететінін жарыса жазды. Дегенмен, жағдай түзелуі мүмкін. Соңғы ойындарда Владимир Вайсс қорғаушыны негізгі құрамда шығарып оң қанаттағы ауыр жұмысты тапсырды.

Момоду Сисей (24.12.1988)

Сисей – «Қайраттың» сұрмергені. Алматы төрінде «Шахтермен» өткен матчта Момоду үлкен жорықтарға да жарамды екенін байқатты. Бағасы да затына сай шабуылшы нағыз еуропалық үлгідегі ойыншы іспеттес. Бұған нағыз дәлел Сисейдің соққан голдары. Қазақстан чемпионаты аяқталған жоқ, ал қарамаржанның атында 12 гол жазылған. Костанайлық Игорь Бугаев пен Зеньковичтен еш қалыстайтын Мом (командаластары осылай атайды) командасын әлі де алға сүйрей алады.

Геворг Газарян (05.04.1988)

Украиндық «Металлургтан» енді көшіп келгенде Газарянның жарақаты бар-тұғын. Жаңа командасының ойын мәнерін ұзақ менгерген армениялық енді-енді пайдасын тигізіп келеді. Еурокубогтық ойындарында сыншылардың аузына құм толтырған шауылшы Каньястан еш кем еместігін дәлдей білді. Ең бастысы алға жылжитын себеп те уәж де бар. «Шахтер» - жақсы команда. Мұны жақсы түйсінген шаубылшы оның өркендеуіне үлесін қосады деген сенім мол.

 

Авторы: Эрлен Абдулманов