Қарағандылық «Шахтердің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қарсыласы өзгерді.

«Кеншілер» алғашқы жолдастық кездесуінде украиналық «Зарямен» ойнауы керек болатын. Алайда луганскілік клуб матчты ұйымдастыру бойынша қиындықтарға тап болып, бұл кездесуден бас тартқан. Енді «Шахтер» Грузия чемпионатында ойнайтын «Самтредиа» клубымен кездеседі.

Матч 10 ақпанда Астана уақытымен 20:00-де басталады.