Хорватиялық «Риека» футбол клубы «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Срджан Граховацты сатып алуға жақын, деп жазады отандық басылымдар. 25 жастағы босниялық футболшы Австрияның «Рапид» командасына тиесілі. Өткен маусым ол қазақстандық клубта жалда ойнаған болатын. «Риека» клубының басшыларының бірі Срджанды сатып алуға жықын екендерін мәлімдеген. Трансфер алдағы екі-үш күнде, әрі кетсе келесі апта шешілетін көрінеді.