Араз Озбилиз «Ақтөбе» сапына ауысу үшін медициналық тексерістен өтті

Ыстабулдық "Бешикташ" клубы мен Армения құрамасының шабуылшысы Араз Озбилиз қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін. Бұл туралы «Матч ТВ» хабарлайды. Бұған дейін мәскеулік «Спартак» клубының бұрынғы ойыншысына "Ақтөбе" клубы қызығушылық білдіріп отырғаны белгілі болған еді. Milliyet басылымының мәліметі бойынша, шабуылшы мединицалық тексерістен өтіп қойыпты. Жуық арада енді келісімшартқа қол қояды екен. Сондай-ақ «Ақтөбе» сапына Маркос Пиззелли де ауысуы мүмкін. Пиззелли жуырда Сауд Арабия біріншілігінде өнер көрсететін «Аль-Шабаб» командасынан кетті. 33 жастағы жартылай қорғаушы 2014 және 2015 жылдары «Ақтөбе» сапында Қазақстан біріншілігінде 55 кездесуге қатысып, 13 гол соқты. Сонымен қатар ол «Арарат», «Пюник», «Металлург», «Кубань», «Краснодар», «Аль-Раед» және «Ксанти» секілді клубтардың намысын қорғаған.