Бүгін Люблянада өтіп жатқан футзалдан ЕУРО-2018 турнирінің жартылай финалдық жұптары анықталды.Украина құрамасын ұтқан Испания командасы Қазақстанның қарсыласы атанды.Айта кететін жайт, бұған дейін Қазақстан Испаниямен екі рет кездесіп, екі ретінде де жеңілген болатын. Испания соңғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы.Ал екінші жартылай финалдық кездесу Ресей - Португалия арасында өтеді.