ПСЖ клубы «Челси» шабуылшысы Альваро Моратаға қызығып отыр, деп хабарлайды Daily Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша париждік команда Испания құрамасының шабуылшысын алдағы жазда қатарларына қоспақ.

Бірақ, лондондық ұжым өзінің шабуылшысын жібергісі жоқ.

Естеріңізге салсақ, Мората биылғы маусымда барлық турнирде «Челси» үшін 31 ойын өткізіп 12 гол соққан.