Теміртаулық «Арыстанға» екі жаңа ойыншы көшті, - деп хабарлайды Шайба.kz сайты.
 
Оның бірі 25 жастағы чехиялық шабуылшы Томаш Кан. Былтырғы маусымда «Виктовице»,  «Карловы Вары» және «Хомутов» сапында өнер көрсеткен. 2009/2010 жылдары ХХЛ-де «Коламбус Блю Джекетс» сапында 6 кездесу өткізіп екі нәтижелік паспен көзге түскен.
 
Яри Саилио 27 жастағы финляндиялық шабуылшы былтырғы маусымды хельсинкинің ХИФК сапында өткізіп 38 ойында  4(2+2) ұпай жинапты.