Халықаралық бокс ассоциациясының (AIBA)  хабарлауы бойынша Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионаты жаңа рекордтқа қол жеткізді, - деп хабарлайды «Астана Спорт» баспасөзі.
 
АIBA санағы бойынша алдағы 14-26 қазан арасында бокстан өтетін әлем чемпионатта 116 мемлекеттен 576 боксшы қатыспақшы. Бұл AIBA хабарлауынша жаңа рекорд болып саналады.  
 
«Көрсеткішке өте ризамыз, бұл дегеніміз жарыстың қарқынды өсуін білдіреді. Алматыдағы әлем чемпионаты тарихи оқиға болмақ», - дейді AIBA президенті Чинг-Куо Ву.
 
Айта кетер жайт, екі жыл бұрын Бакуда өткен әлем чемпионатта 113 мемлекеттен 570 боксшы  қатысқан болатын. 
 
Алдағы Алматыда өтетін әлем чемпионатта боксшылар жаңа ереже бойынша шаршы алаңда шлемсыз бокстасады.