Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Еуропа чемпионаты аяқталысымен қызметінен кететінін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Еуропа біріншілігінің ширек финалдық Сербияға қарсы матчтан соң өткен баспасөз мәслихатында бразилиялық маман Ұлттық құраманың тізгінінен кететінін айтты. Сондай-ақ, жазда «Қайрат» футзал клубынан да кетеді.

Айта кетейік, Какау Қазақстан құрамасының тізгінінде 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп, Колумбиядағы әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Ал «Қайратпен» УЕФА Кубогының екі дүркін жеңімпазы атанды.