«АЗ» Алкмаардың бас бапкері Гертьян Вербек өз орнынан босатылды , деп хабарлайды «Р-Спорт».
 
Жұмыстан кетудін себебі ойыншылар мен бапкерлер арасындағы ала ауыздық, жанжал. Вербек команданы 2010 жылдан бері жаттықтырып келген. «АЗ» сапында Голландия кубогын ұтқан. Еске сала кетсек,  «АЗ» ел біріншілігінде бесінші орында келе жатыр. Сондай-ақ «АЗ» - «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезендегі қарсыластарының бірі.