6 ақпан күні «Астана» БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны ачсындағы келесі кездесуін өткізеді.

Станимир Стоилов шәкірттеріне бұл жолы АФК Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Қытайдың сегіз дүркін чемпионы «Ляонин Хувин» командасы қарсылас атанады.

Клубтың алтын дәуірі 90-жылдардың бас кезіне тура келеді. Сол кездері клуб екі жыл қатарынан Азия чемпиондар лигасының финалына дейін барып, соның бірінде жеңіске жетті. Соңғы жылдары Ляонин жолбарыстарының тасы өрге домалар емес. Соның салдарынан өткен жылдың қорытындысы бойынша клуб суперлигадан шығып қалды.

Команданы құтқару және оны мықтылар қатарына қосу үшін Ян Чэнь шақырылды. 44 жастағы маман қытай футбол аңыздарының бірі болып табылады. Ол көп жылдар бойы Германияда ойнады, «Айнтрахт» және «Санкт-Паули» сапында өнер көрсетті, Бундеслигада гол соққан алғашқы қытай футболшысы болды, сондай-ақ Қытай құрамасымен бірге 2002 жылғы Әлем чемпионатына қатысты.

Команданың қазіргі бас жұлдызы да бапкері деуге болады. Футболшылардан Конго ДР құрамасының, бірқатар неміс клубтарының, соның ішінде «Вердер» және «Фортуна Дюссельдорф» командаларының бұрынғы қорғаушысы, Ассани Лукумияны атап көрсетуге болады. Ассани көбінесе капитан ретінде ойнап жүр. Бұдан тыс Камерун құрамасының 28 жастағы шабуылшысы, өткен жылдың ортасында осы клубқа келіп қосылған Оливье Бумаль бар.

Әмірліктердегі жиында Чэнь шәкірттері бұған дейін бірнеше матч өткізіп үлгерді. Екі күн бұрын «Ляонин» «Шаньдоннан» 0:1 есебімен жеңілді. Оның алдында Словакия чемпиондарынан 4:0 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Еске сала кетсек, «Астана» - «Ляонин» матчы 6 ақпан күні Астана уақытымен 18:00-де басталады.