Футболдан қазақстан Премьер-лигасының 28-ші тур аясында Қарағандылық «Шахтер» «Ертістен» ұтылса, «Қайрат» өз алаңда «Ақтөбеден» сүрінді, осы және де өзге де кездесулерге шолуды ұсынамыз. 
 
Турдың орталық кездесуінде «Қайрат» «Орталық стадионда» «Ақтөбені» қабылдады. Владимир Вайсс алаңға «Шахтерга» қарсы ойнаған ойыншыларды шығарды. Алайда «Шахтер» қақпасына үш рет соғып үлгерген «Қайрат» бұл матчта бірде-бір гол соқпады. Артынша «Ақтөбе» капитаны қосымша уақытта Марат Хайруллин бұрыштамадан көтерген добын Лория қақпасына енгізді. «Ақтөбе» кезекті чемпиондығына жақындай түсті. 
 
«Қайрат»-«Ақтөбе» - 0:1 (0:0)
Гол: Бадло 90
 
«Астана» сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыдан» басым түсті. Соңғы уақыттары нашар ойын көрсетіп жүрген Виктор Пасульконың командасы бұл кедзесуде жеңулеге мәжбүр болды. Бірінші таймда есепті Ұлан Қонысбаев ашса, екінші таймда Твумаси есепті қорытындылады. «Астана» әлі де чемпион атағынан үміттерін үзбеуде. 
 
«Ордабасы»-«Астана» - 0:2 (0:1)
Голдар: Қонысбаев 7, Твумаси 76
 
«Ертіс» әбден шаршаған қарағандылық «Шахтерды» апта ішінде екінші рет ұтты. Оның алдында Қазақстан кубогы аясында 1:0 есебімен жеңсе, бұл жолы павлодарлық ұжым 2:1 есебімен өз алаңында ұтты. «Ертіс» сапында Антон Чичулин мен Камолиддин Мурзоев көзге түссе, кеншілер сапында Асхат Жолшорин қарымта бір гол қайтарды.  
 
«Ертіс»-«Шахтер» - 2:1 (0:0)
Голдар: Чичулин 86, Мурзоев 87 - Жолшорин 70
 
Ал екінші алтылықта, «Тобыл» сырт алаңда «Атыраумен» тең түсті. Ойын тартысты өткенмен, қос ұжым жанкүйерлерді голмен қуанта алмады.  
 
«Атырау»-«Тобыл» - 0:0 (0:0)
 
Любомир Петрович жаттықтыратын өскемендік «Восток» «Ақжайықты» жеңді. Есепті бірінші болып Вячеслав Эрбес ашты. Артынша ойын бітуіне оң минут қалғанда Сергей Костюк оң бір метрлік соққымен есепті 2:0-ге жеткізіп өскемендік клубқа жеңіс сыйлады. 
 
«Восток»-«Ақжайық» - 2:0 (1:0)
Голдар: Эрбес 36, Костюк 80 (пенальтиден)
 
«Тараз» өз кездесуінде талдықорғандық «Жетусіге» сүрінді. Ойын қонақтардың басымдылығымен өрбіді. Мұрат Тлешев ойындағы жалғыз голдың авторы атанды. 
 
«Тараз»-«Жетісу» - 0:1 (0:1)
Гол: Тлешев 5