«Лестер» клубы Рияд Марез командадан кеткен жағдайда орнын алмастыра алатын ойыншыны қазірдің өзінде тапқанға ұқсайды. Алжирлік ойыншы бірнеше күн команданың жаттығуына қатыспай жүр.

Британдық БАҚ «Лестер» клубы Марездің орнына «Боруссия» ойыншысы Торган Азарды алатынын жарыса жазуда. Торганның туған ағасы Эден Азар лондондық «Челси» клубында ойнайды.