The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен оның бапкері Абель Санчес және промоутері Том Леффлердің ынтымақтастығына аса жоғары баға берді, деп жазады ҚазАқпарат сайты.

«Шын мәнінде үздік бапкер мен промоутерді таңдау мүмкін емес. Тек олардың кейбіріне аса талантты боксшыларды кездестірудің сәті түседі, сондықтан да олар жарқырап көзге түседі. Бірақ бұл олардың басқалардан жақсы екеніне дәлел бола алмайды. Ал егер дарын иесі өзіне лайықты бапкер мен промоутерге кездессе, олардың ұжымы өзгелерге қарағанда көбірек жетістіктерге жетеді. Осы тұрғыдан алғанда, Геннадий Головкин, Абель Санчес және Том Леффлер ұжымын мінсіз деп айтуға болады», - дейді Фишер.

Еске сала кетейік, Головкин 5 мамыр күні рингке оралып, мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізеді