3 ақпанда «Ордабасы» командасының Түркия жеріндегі екінші оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды шымкенттік клубтің ресми сайты.

Кезекті жиынға шақырту алған футболшылар тізімі жарияланды. Бұл тізімде «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Аздрен Лулаку мен қазақстандық шабуылшы Сергей Хижниченко және Тимур Досмағамбетов бар. Сонымен қатар бірінші жаттығу жиынына шақыртылмай қалған Қайрат Әшірбеков та командаға қайта қосылып отыр.

«Ордабасы» командасының екінші жиынына шақырту алған футболшылар тізімі:

Бекхан Шайзада, Валерий Фомичев, Жасур Нарзикулов, Аздрен Лулаку, Мұхит Жақсылык, Никита Бочаров, Александр Симчевич, Бекжан Әбрахман, Абылхаир Зулфикаров, Қайрат Әшірбеков, Самат Шәмші, Пабло Фонтанелло, Кирилл Ковальчук, Дамир Даутов, Иван Нагаев, Алишер Сүлей, Мардан Төлебек, Сергей Хижниченко, Сағадат Тұрсынбай, Еркебұлан Тұнғышбаев, Ұлар Жақсыбаев, Тимур Досмағамбетов, Виталий Ли, Темірлан Ерланов.