Қазан айының 12 – 24-і аралығында Алматыда өтетін бокстан ересектер арасындағы Әлем чемпионатының билеттері сауда орталықтарында сатылымға түсті. Билет бағасы 700 теңгеден 62000 теңге аралығында. 

Ширек финалға дейінгі барлық кездесу (9 күн)

билеттерінің бағасы 5670-тен 24300 теңгеге дейін;Ширек финалға дейінгі кездесулер мен ширек финал және жартылай финал

(11 күндік) бағасы: 7055-ден 39950 теңгеге дейін;Барлық кездесулер финалды қосқанда (12 күндік)бағасы: 7840 теңгеден, 61600 теңгеге дейін. 

Бір билеттің бір күндік бағасы ( күндізгі және кешкі сессия)

Ширек финалға дейінгі кездесулер - 700 теңгеден 3000 теңгеге дейін;

Ширек финалдық және жартылай финалдық кездесу – 1000-нан 10000 теңгеге дейін. Финалдық кездесулерге 1500 теңгеден 30000 теңгеге дейін.