Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында өтетін «Реал Мадрид» пен ПСЖ арасындағы кездесу бүкіл әлемнің назарын аударып отырғаны сөзсіз.Испания Ла лигасын жеңіп алу мүмкіндігі азайған мадридтік команданың бар үміті осы Чемпиондар лигасында. Себебі, Зинедин Зидан бастаған жігіттер Испан кубогының жарыс жолынан да шығып қалған болатын.14 ақпан күні «Сантьяго Бернабеу» сатдионында өтетін алғашқы кездесудің билеттері сатылымға шыға сала 37 минуттың ішінде сатылып кетті деген ақпарат тараған еді.Бірақ, бұл билеттердің барлығы жанкүйерлердің қолына тимеген секілді. Ортадан пайда табуыды көздейтін алып-сатарлар билеттерді көптеп сатып алып, алғашқы бағасынан көп қымбатқа бағалап отырған көрінеді.Испания ақпарат құралдарында хабарлауынша, бұндай билеттердің бағасы 300 еуродан басталып, 24080 еуроға дейін жеткен. Егер осы бағаны теңгемен есептер болсақ, 120 мыңнан басталып, 10 млн теңгеге дейін жетеді екен.