Португалдық «Порту» клубы 120 жылдығына орай өз мұражайын ашты. Аталмыш ғимаратта клуб тарихындағы 11 үздік футболшының мүсіні қойылды.

Команда тарихында өзіндік із қалдырған ойыншыларды жанкүйерлер Facebook-те дауыс беру арқылы таңдады.Үздіктер қатарында: Витор Баия, Жоау Пинту, Рикарду Карвалью, Алоизиу, Бранку, Андре, Деку, Маджер, Паулу Футре, Фернанду Гомеш және Халк.