Баскетболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Тегеран қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесті.

Ойынның ширек бөлігінде күншығыс елінің спортшылары бізден 24 ұпайға озып кеткен. Басымдықты бермей сақтаған жапондар ақыры сенімді жеңіске жетті.

Жапония — Қазақстан 94:74 (33:9, 23:28, 18:18, 20:19)