Клубтар арасындағы халықаралық еуразиялық турнир биыл 27 ақпан мен 2 наурыз арасында Мәскеу облысында ойнатылады. Бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған жарыс «Подмосковье» аренасында өтеді.

Турнирге 4 команда қатысады: «Норильский никель» (Ресей), КПРФ (Ресей), «Қайрат» (Қазақстан) және «Никарс» (Латвия). Командалар бір айналымда бір-бірімен ойнап шығып, көп ұпай жинаған клуб бірінші орын алады.

Күнтізбе

27 ақпан

Никарс - КПРФ

Қайрат - Норильский никель

28 ақпан

КПРФ - Норильский никель

Никарс - Қайрат

2 наурыз

Норильский никель - Никарс

КПРФ – Қайрат

Айта кетейік, биыл Еременко кубогы бесінші рет өтеді. Бұған дейін «Қайрат» үш рет жеңімпаз атанып, 2015 жылы қола жүлде алған. Сол жылы ресейлік «Синара» Еременко кубогын еншіледі.