Америкалық боксшы әрі CBS Sports сарапшысы Пол Малиньяджи Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы кездесу жайлы ойын айтты.

«Бұл бокстағы маңызды жекпе-жектердің бірі болатыны сөзсіз. Алғашқы кездесуде «Канелоның» жолы болды деп ойлаймын – себебі ол тең аяқталды. Екінші жекпе-жекте қызық болмақ. Мен Головкинді таңдаймын», - деді Малиньяджи.

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің рематчы 5 мамырда өтеді.