Волейболдан әйелдер құрамасы 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында алғашқы матчта жеңіске жетті. 
 
Александ Гутор жаттықтыратын құрамамыз топтағы алғашқы кездесуде Оңтүстік Кореядан басым түсті. Жалпы есеп - 3:1 (21:25, 25:22, 25:17, 25:14).
 
Келесі матч 29-шы қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өтеді.