Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчез алдағы  Кертис Стивенспен өтетін жекпе-жектен не күтетінін айтты.
 
«Гена қарсыласын нокаутқа құлататынына сенемін. Алайда кездесудің бірінші раундта аяқталғанын қаламаймын. Дегенмен кездесу барлық 12 раундқа созылмауы керек. Головкин қарсыласынан бес есе мықты, мұны боксшы алдағы кездесуде дәлелдемек»,-  деп Санчез.